Жаңалықтар | Новости

ШҚО да «Құқықтық тәртіп» іс – шарасы кезінде қылмыстың алдын алу қатаң бақылауда болды

ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №1  пробация қызметі бөлімшесі есебінде тұрған тұлғалардың қайталама қылмыстарды жасауының және қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында республика аумағында жоспардан тыс  «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген іс-шаралары өткізілуде.
“Бұл қызмет өткерудің күшейтілген нысанға ауыстыру іс-шарасының басты мақсаты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау, сонымен қатар әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеруді жүзеге асыру. Іс-шара кезінде Тарбағатай аудандық №1  пробация қызметі қызметкерлері, сонымен қатар Ақжар полиция бөлімінің қызметкерлері барынша жұмылдырды. Төрт күн ішінде Тарбағатай аудандық №1  пробация қызметінің  есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар күндізгі және кешкі уақытта тұрғылықты жерлерінен, сонымен қатар жұмыс орындарынан тексеріліп, барлық аудан бойынша көңіл көтеруге арналған орындарда, қоғамдық орындарда есепте тұрған сотталғандар тарапынан  қайталама қылмысқа жол берілмеуі қатаң бақылауда болды”, – деді пробация қызметінің бастығы әділет майоры Эльвира Калымбекова.

Комментарий