Жаңалықтар | Новости

5 миллионнан аса қазақстандық вакцинаның алғашқы дозасын алды

Қазақстанда 5 миллионнан аса адам вакцинаның алғашқы дозасын алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

“2021 жылғы 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 009 408 адам, 2-компонентін 2 992 214 адам салдырды”, – делінген хабарламада.

22 шілдедегі мәлімет бойынша, 67 475 адам коронавирус инфекциясынан (65 808 КВИ+ және 1 667 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 20 526 пациент стационарда,
  • 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 190 адамның жағдайы ауыр,
  •  272 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  168 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Комментарий