Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясы ПТР-сынамасымен расталған 5 708 (алдыңғы тәулікте 5 179) жағдай тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 509 998-ге жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 1369, Алматы қаласында — 993, Шымкент қаласында – 418, Ақмола облысында – 186, Ақтөбе облысында — 192, Алматы облысында — 178, Атырау облысында — 386, Шығыс Қазақстан облысында — 107, Жамбыл облысында — 97, Батыс Қазақстан облысында — 170, Қарағанды облысында — 698, Қостанай облысында — 149, Қызылорда облысында — 139, Маңғыстау облысында — 207, Павлодар облысында — 197, Солтүстік Қазақстан облысында — 99, Түркістан облысында — 123.

Қазақстанда 2 487 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 283,
  • Алматы қаласында — 240,
  • Шымкент қаласында — 115,
  • Ақмола облысында — 129,
  • Ақтөбе облысында — 0,
  • Алматы облысында — 81,
  • Атырау облысында — 170,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 43,
  • Жамбыл облысында – 102,
  • Батыс Қазақстан облысында — 222,
  • Қарағанды облысында — 575,
  • Қостанай облысында — 91,
  • Қызылорда облысында — 46,
  • Маңғыстау облысында — 150,
  • Павлодар облысында — 160,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 48,
  • Түркістан облысында — 32.

Елімізде барлығы 439 010 адам COVID-19-дан емделіп шықты.

Комментарий