Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда 44 градус дейін аптап болады. «Қазгидромет» синоптиктері 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, ауа-райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жауын-шашыннан басқа ауа температурасының күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 жылыға дейін, оңтүстікте 37-44 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, тек еліміздің батысында ғана 33-41 жылудан 25-33 жылуға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады», — делінген хабарламада.

Қазақстан қалаларындағы ауа райын мына сілтемеден көруге болады.

Комментарий