Жаңалықтар | Новости

Түзеу мекемесінен шыққандар қолдаусыз қалмайды

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінен бостандыққа шығатын сотталғандарды қоғамға әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстар атқарылуда.

Сотталғандарды босатуға дайындық жұмысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық талаптарына сәйкес  мекемеге келген  бірінші күннен бастап жүзеге асырылады.

Аталған жұмыстарды атқару барысында мекеме қызметкерлерімен қатар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық қорлар жұмылдырылуда.

Сонымен қоса сотталғанды бостаңдықтағы өмірге дайындау, яғни оның әлеуметтік байланыстарын (отбасымен) қалыптастыру, жұмысқа орналасу мәселерін шешу, әлеуметтік ортада мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру, психологиялық және медициналық көмек көрсету, бостандықта тұрақтайтын мекенжаймен қамтамасыз ету  болып табылады.

Бас бостандығынан айырылған тұлға өзінің әлеуметтік байланысын жоғалтады, әлеуметтік қабілетінен айырылады, масылдыққа дағдыланады.Сол уақытта қоғам сотталып келген тұлғаны қабылдамайды.Сол себептен қайтара қылмыс жасауға тәуекел етеді. Осы жағдайда әлеуметтендіру манызды орынға ие болады.

Осыған сәйкес, 14.07.2021 жылы ЗК-169/5 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты Д., есімді сотталғанды  «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша мекемеден шығарып салу іс-шарасы өткізілді. Оған жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, қалалық  пробация қызметінің қызметкері, мекеменің психолог және медицина  қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді. Жазасын өтеп шыққан азамат Д-ға босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.

 

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды қоғамға лайық азамат ретінде бостандыққа дайындау, оның одан әрі әлеуметтік-құқықтық, медициналық жәрдеммен қамтылуына ықпал ету шараларын ұйымдастырып, тиісті жағдайлар жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий