Жаңалықтар | Новости

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында газ жарылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«19 шілдеде сағат 07:20-да Қызылорда қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 64 үйде орналасқан «Пумба» балалар ойын-сауық орталығының 2 қабатында жалпы ауданы 400 шаршы метр еден жанып кеткен. Өрттің салдарынан ауданы 200 шаршы метр болатын 1 қабатты от жалмаған. Жалын 07: 44-те оқшауланып, 08: 15-те толығымен ауыздықталды» ,- делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан 50 шаршы метр аумақтағы ағаш бастырма мен сарайды құлатып, көрші үйдің терезелеріне зақым келген.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі — табиғи газдың ағуы.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 42 қызметкер мен 11 техника, жедел құтқару тобының 6 құтқарушысы және 1 техника аттанған.

Комментарий