Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар арасында тимблинг түрінде психологиялық іс-шара өтті

15.07.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталғандар арасында «Бір команда-бір мақсат» тақырыбында тимблинг түрінде психологиялық іс-шара өтті. Іс –шараны  «Pro bono» қоғамдық қорының мамандары мен мекеме психологы бірлесе  ұйымдастырды.  Тимблинг өткізудің мақсаты сотталғандар арасында өзара сенімділікке, берік қарым-қатынас орнатуға , біртұтас командалық рухты қалыптастыруға , өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіруге бағытталған.

Іс-шараға қатысушылар ды екі  топқа бөліп,  арт-терапия (еркін тақырыпта сурет салу), ширату жаттығуларын , спорттық ойындар ойнатылды.  Қызу да тартысты өткен спорттық шарада сотталғандар еркін атмосфера құрып, берік достық , көтеріңкі көңіл-күй орнатылды.

Іс-шара соңында ерекше көзге түскен сотталған грамотамен марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий