Жаңалықтар | Новости

Демалыс күндері Нұр-сұлтанда қоғамдық көліктер қатынамайды

City Transportation Systems-тің хабарлауынша Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығымен елордада қоғамдық көліктер демалыс күндері тоқтатылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сенбі мен жексенбі күндері 17-18 шілдеде қалалық және қала маңындағы маршруттар жүрмейді. Дезинфекция жұмыстары жүргізілетін болады», — делінген хабарламада.

Компания сонымен қатар маска режимін сақтау қажеттілігін еске салады. Қоғамдық көліктерге бетпердесіз кіруге тыйым салынған.
Жол жүру ақысы тек банктік аударым арқылы жүзеге асырылады: көлік картасы немесе QR кодын сканерлеу я болмаса көлік кодын енгізу арқылы төлем жасауға болады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы жаңа карантиндік шектеулер сенбі, 17 шілде күні күшіне енеді.

Айта кетсек, Алматыда осы демалыс күндері автобустар, троллейбустар мен метролар қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлады қалалық мобильдік басқармасы Facebook-тегі ресми парақшасында.

Комментарий