Жаңалықтар | Новости

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын алдыру бойынша келіссөзді қайта бастады

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен препаратты Қазақстанға алдыру туралы келіссөздерді қайта бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірқатар ел белгілі бір вакциналарды салдырған саяхатшылар үшін ғана шекарасын ашқандықтан, қазақстандықтар үшін саяхаттауға болатын елдер қатары айтарлықтай шектелді. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның төрт түрі қолжетімді: “Гам-КОВИД-Вак” (Спутник-V), “QazCovid-In” (QazVac), “Hayat-Vax” және “КоронаВак”.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, шетелдік COVID-19-ға қарсы вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

“Қазақстандықтарды “Pfizer”, “AstraZeneca”, “Moderna” және “Johnson&Johnson” препараттарымен вакциналауға бюджет қаражатын бөлу мәселесі уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін қаралады”, – деп нақтылады ведомстводағылар.

Айта кетейік, биыл маусымның басында “СҚ-Фармация” компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев брифингте Қазақстан AstraZeneca вакцинасын жеткізу туралы келіссөздерді тоқтатқанын айтқан болатын. Tengritravel.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне AstraZeneca-ға қатысты жағдайды нақтылау мақсатында жүгінді.

Ведомство ол келіссөзді тоқтату емес, тоқтата тұру екенін айтты.

Комментарий