Жаңалықтар | Новости

Маңғыстау облысында тұрғындар арасында вакцина алғандар көбейді

Жаппай иммунитет қалыптаспағанша, барлығымыз осылай ауыра береміз. Мен бүгін екпенің екінші компонентін алуға барамын. Аман-есен жүрмін ғой. Балаларым да алды. Жұбайым да алады,-деді қала тұрғыны Сергей Болгов.

Кей әжелер немерелері мен қоршаған ортаны қорғау үшін вакцина алғанын айтты.

Мен әлсіз топтың қатарына жатамын. Жүректе кардиостимулятор бар. Сәуір айында вакцинаның екі компонентін алдым. Ешқандай жанама әсер болған жоқ осы уақытқа дейін. Вакцина алу керек деп ойлаймын. Әркімнің өз пікірі бар. Мен вакцинаны өзімнің немерелерім мен қоршаған ортаны қорғау үшін алдым,-деді қала тұрғыны.

Сондай-ақ, Маңғыстау өңірінің тұрғындарына екпе егу бойынша жылжымалы диагностикалық медициналық кешен қызмет көрсетіп жатыр. Жылжымалы кешен 9 шілдеден бастап қызмет көрсетуге шыққан.

Жылжымалы кешен таңертеңгі 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс Істейді.

Айта кетейік, облысқа барлығы 221 250 доза вакцина жеткізілген, оның ішінде: ресейлік Sputnik V: I компонент – 96 150 доза, II компонент – 66 600 доза; QazVac – 7 000 доза; H ayat-Vax – 31 500 доза, CoronaVac – 20 000. Қазір облыс бойынша бірінші компонентпен 78 135 адам, екінші компонентімен 40 631 адам егілді.

Комментарий