Талқыдағы тақырып

Тоқал түгілі, әйел жетпей қалу қаупі бар сияқты…

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрілігіне қарасты Статистика жөніндегі комитеттің биылғы 8 шілдедегі мәліметтеріне сүйенсек (қараңыз: Tengrinews), Қазақстанда 8 968 499 ер адам, 9 541 521 әйел адам тұрып жатқанға ұқсайды. Осы кезге дейін “бір еркекке 8 әйелден келеді екен” деп жүрген сәуегейлігіміз бос сөз болып шықты. Мына мәліметке қарағанда, 1 еркекке 1,06 әйелден ғана келіп тұр. Яғни, екі әйелге де жетпейді. Жыл басындағы мәліметпен салыстырғанда, ер мен әйелдің өсім көрсеткіші тең дәрежеде. Так что, ер азаматтар, аспандамай төменге түсейік. Тоқал түгілі, әйел жетпей қалу қаупі бар сияқты…

Бекжігіт Сердәлі

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий