Жаңалықтар | Новости

Патриоттық әндер тарихын көп білетін әнші капитан

Мың жерден мықты бола тұра сарбаздың бойында рух төмен болса, одан айтарлықтай нәтиже күту қиын- дегендей, жалпы ер-азамат бойында өр рухтың мол болу заңдылылық. Әсіресе, күн- түн демей, уақытпен санаспай, қылмыскерлерді өмірге қайта тәрбиелеуде, жұмыс жасайтын Қылмыстық-атқару саласында жұмыс жасайтын жеке құрамның бойында елжандылылық сезімінің басым болуы артық болмас. Өйткені, патриоттық сезімі басым жан, өзін, отбасын ғана емес, туған жерін сүйіп, ел игілігі үшін еміреніп жүріп еңбек ететіні анық. Міне, сондай азаматтың бірі ЗК-169/1 тергеу изоляторының мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет капитаны Байділдаев Руслан.

Русланның ерекшелігі сол, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер арасындағы патриоттық тақырыпта ән айтатын жалғыз қызметкер. Және айтқан әндерінің шығу тарихын біліп, ізденіп жүреді.

– Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жатқа білетін “Атамекен” әнін Ескендір Хасанғалиев 1970 жылы шетелде жүргенде елін сағынып жазған Ал,«Көк тудың желбірегені» деген әнді авторы Алмас Ахметбекұлы елге оралып келе жатқан кезінде “Қорғас” шекара бекетінде желбіреп тұрған көкбайрақты көріп шығарған екен. Айтуынша, шатырлы үйдің үстінде тұрған көк ту, құдды бір өз тілінде дыбыстап тұрғандай әсер беріпті.

– Шынында да, « көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» дегендей , осы әнді айтқан сайын бойыма мол күш-қуат аламын. Музыканның жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Соның ішінде патриоттық әндер ізгілікке, қайырымдылыққа, борыш, мақтаныш, құрмет сезімдеріне бөлейді. Ол – маған осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді,- дейді, елжанды әші капитан.

Ия, патриоттық әндер үлкен күшке ие. Ол адамның рухын оятып, ерлікке жетелейді, жүрегіне елжандылық сезімін – Отанға деген сүйіспеншілік сезімін құяды. Мектеп сахынасынан патриоттық тақырыптағы әндерді айтып, әртүрлі конкурстарға қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болған Руслан, Қызылода облысы ҚАЖ департаменті атынан да, әртүрлі байқауларға қатысып, лауерат атанып жүр.

Атап айтсақ, соңғы рет ҚР тұңғыш президенті күніне орай мерекелік іс-шараларға дайындық негізінде, сондай-ақ, ұлттық музыка мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру, мақсатында «Туған жер кеңістігінде: Н.Ә.Назарбаевтың сүйікті әндері» атты онлайн форматтағы музыкалық байқауында Абайдың « Көзімнің қарасы» әнін орындап, ІІМ атынан арнайы мадақтама қағазымен марапатталған болатын.

– Мен, жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін патриотық әндер айтқанды ұнатамын. Бұл әндердің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, С.Бәйтерековтың «Әлия» Ұлы Отан соғысы кезіндегі « Свещенная Война» әндерін айтып ержеттім. Бұл әндердің менің азаматтық тұлғамның қалыптасуына игі әсері мол болды. Жұмыстан қолым бос уақыттарда, әлеуметтік желіден осындай рухты көтеретін даңқты әндерін іздеп, сөдерін жаттап жүремін- деп, өзі айтатын әндері жайлы ойын Руслан осылайша қорытындылады Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығын, даналығын айшықтайтын әндер тыңдайтын капитанның бойында отаншылдық сезімі басым екені анық. Отанын сүйген азамат қана елін асқар мұраттарға жетелемек. Олай болса, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігі жолында тергеу изоляторы жұмысының тегеурінді ісіне төтеп беріп, қызметінің қауырттығына қарамастан, ән айтуға да уақыт тауып, « есті әуендерді» айтып, төңірегіндегілердің жігерін жанып,қайратты рух беріп, өмір сүріп келе жатқан ҚАЖ қызметкерінің патриоттық әндерге деген әуесқойлылығы құптарлық және үлгі тұтарлық , көпке өнеге болары анық.

Комментарий