Жаңалықтар | Новости

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2021 жылғы 14 шілдесінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мәселелері қаралды.

Отырыста бірінші мәселе ретінде Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметінде Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары қаралды.

Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметін талдау нәтижесінде, жоюды талап ететін, 21 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік орган қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.

Екінші мәселе Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А.Қалуетовке қатысты жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау материалдары бойынша қозғалған тәртіптік іс қаралды, оларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және Әдеп кодексі талаптарының бұзылуына жол берілді.

Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А.Калуетов жол берген құқық бұзушылықтарды ескере отырып, Кеңес жоғарыда аталған тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде уәкілетті тұлғаға ұсыным жіберу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, кеңесте Медеу ауданы әкімі аппаратының және соттар Әкімшісінің Әдеп жөніндегі уәкілдері тыңдалды, оның нәтижелері бойынша кеңес олардың қызметін жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берді.

Комментарий