Жаңалықтар | Новости

Солтүстік Қазақстан Облысы ҚАЖД Қызылжар ауданы пробация бөлімінде тіркеуде тұрған сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілуде

Солтүстік Қазақстан Облысы ҚАЖД Қызылжар ауданы пробация қызметі бойынша сотталғандарға психологиялық көмек көрсету негізінде біршама жұмыстар атқарылуда.

Сотталғандарды жеке қабылдап қайта қылмысқа бармауы үшін психологиялық кеңес,тест,тренинг, жаттығулары уақытылы өткізілуде. Сонымен қатар сотталғандарды жеке қабылдап, толғандырып жүрген мәселелерді шешуге, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып,ақыл кеңес беру арқылы психологиялык көмек көрсетілуде, сотталғандарға тәрбиелік мән бере отырып,рухани сауаттылықтарын арттыру мақсатында біршама іс-шаралар жүргізілуде.

 

СҚО Қызылжар ауданының ПҚБ инспектор- психологы әділет аға лейтенанты Ж.Қ.Жақаева

Комментарий