Талқыдағы тақырып

Әлі күнге шейін сайлаудың ресми қорытындысы неге жарияланбай жатқанын білесіздер ме?

Әлі күнге шейін сайлаудың ресми қорытындысы неге жарияланбай жатқанын білесіздер ме? Негізінде сайлау аяқталған соң 10 күннен қалдырмай әрбір учаске/округ бойынша сайлау қорытындысы жариялануы тиіс еді ғой, өйткені Заңда солай жазылған.
– Оның себебі – бақылаушылардың қолында көптеген учаскелер бойынша нақты хаттамалар, видео, аудиожазбалар бар. Егер ресми қорытынды жарияланса, онда биліктің әрбір учаске бойынша заңды қаншалықты бұрмалағаны тайға таңба басқандай анық көрініп қалады. Бұлар содан сескенеді. Олар біртіндеп сол хаттама, видеолардан құтылғысы келеді, немесе уақыт өте келе ұмытылып, көмескі тартсын дейді.
– Ол мүмкін бе?
– Әрине, мүмкін емес, себебі олар сенімді жерде жасырылған.
– Сонда қайтпек?
– Сонда… ештеңе де болмайды, 3 айдан соң бюллетеньдер әдеттегідей өртеледі, бірақ… хаттамалар бәрібір қала береді.
– Сонда қалай, ресми қорытынды жарияланбай қала бере ме?
– Әрине. Одан ешкімнің де ештеңесі кетпейді. Бұрынғысы да 28 жыл бойы тап осылай істеп келген жоқ па?
– Легитимділік?
– Ұрып қойыпты. Байлықтан көзапара айырылу оңай ма? Бұл нағыз жанталас күрес…
– Астапыралла, не дейд? Естімеген елде көп…
– Кеш те болса ақыры түсінгеніңе рахмет.

Қуаныш Еділхантегі

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий