Жаңалықтар | Новости

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңы

ҚР Президенті 2018 жылғы 10 қаңтарда қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайтын «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР № 131-VI ҚРЗ заңын қабылдады. Қордан жәбірленушілерге өтемақы біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ТЖЖ есебінде 2021 жыл басынан бастап сот үкіміне сәйкес жалпы сомасы 4 799 640 теңгеге жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемі бар 98 сотталған тұрады.

Жалпы сомасы 2 419 600 теңгеге 51 сотталған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

Жалпы сомасы 699 083 теңгеге 47 сотталған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді жыл басынан бастап ішінара өтеген.

Мәжбүрлі төлемде өтемейтін сотталғандарен профилактикалық жұмыс жүргізіледі: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысты, егер сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мәжбүрлі төлемді мүлде өтемейтін болса, ҚР ҚК-нің 430-бабына сәйкес жауапқа тартылатындығы түсіндірілді.

 

Орындаушы: Петропавл қ. ПҚБ инспекторы

әділет майоры Ахмедьярова Гульзия

Комментарий