Жаңалықтар | Новости

ІІО ардагері

Отставкадағы ішкі қызмет подполковнигі Нұрлан Бұқалайұлы Ибраев 1951 жылы 16 шілдеде Көкшетау облысы Чкалов ауданы Чкалов ауылында дүниеге келген.

Өзінің қызмет жолын 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару Комитетінің ІІБ тергеу изоляторында бақылаушы лауазымынан бастаған. Қызмет атқару кезінде бақылаушы, еңбекпен түзеу колониясының саяси-тәрбие бөлімінің жасақ бастығы, еңбекпен түзеу колониясы сотталғандарының еңбегін ұйымдастыру жөніндегі инженері, жедел – режим бөлімінің жедел уәкілі, мекеме бастығының кезекші көмекшісі лауазымдарында еңбек етіп, №27 ЕТК жедел жұмыс жөніндегі мекеме бастығының орынбасары лауазымында, 1997 жылы зейнетке шыққан.

Қылмыстық – атқару жүйесі органдарында қызмет атқару кезінде өзін сауатты және талапшыл қызметкер ретінде көрсете білді, әріптестерінің арасында беделге ие болған.

Жары – Жібек Сұлтанқызы Ибраевамен 1978 жылы қызмет атқару кезеңінде танысқан. Үш ер баланың әкесі. Тұңғышы – Руслан, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған, қазіргі таңда – өрт сөндіруші, азаматтық қорғау майоры; Самат – ҚР ӘМ ҚАЖК Академиясын бітіріп, 2017 жылы СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі лауазымында, әділет капитаны шенінде зейнетке шыққан, Саматтың жары – Алтынай да қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкері. Ринат – СҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры.

Құрметті зейнет демалысына шықса да, қазіргі таңда Нұрлан Бұқалайұлы СҚО бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы болып табылады, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге белсенді атсалысады, көмек көрсетіп, өзінің тәжірибесінде жинақтаған білімі мен тәжірибесімен бөлісуде.

Қызмет атқару кезеңінде сан мәрте ведомстволық наградалармен, «ІІМ үздігі» төсбелгісімен, ҚР ІІМ Құрмет Грамоталарымен, сондай – ақ Қазақстандық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің және Ұлттық ұланның «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталған.

Қазіргі таңда Нұрлан және Жібек Ибраевтар 4 немерені тәрбиелеуде.

 

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Комментарий