Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

“Құйрығыңа пышақ тығамын деді”: Алматы тауында қыздарға қырғидай тиісетін маньяк пайда болды

Алматы тауына демалуға келетін қыз-келіншектердің жүрегі шайлығып қалған. Себебі Алатауда қыздарға қырғидай тиісетін маньяк пайда болды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Маньяк әуелі қыздарды әңгімеге тартып, кейін жалғыз жүргенін білген соң қоқан лоқыға басатын көрінеді. Тіпті қарумен қорқытып “құйрығыңа пышақ тығамын” деп қорқытады екен.

Мария Седова мен Марина Нахимова Ресейден Алматы тауына демалуға келген. Олар маньякты өз көзімен көріп, тіпті арбауына түскен.

“Марияға жақындап, “құйрығыңа пышақ тығамын” деді. Қару кезеніп қорқытты”, – дейді Марина.

Екі қыз абырой болғанда басқа туристерге кезігіп қалып аман қалған. Бұл уақытта маньяк орманға кіріп, ізін жасырған.

Осы күні маньяк тағы екі әйелге тиісіп, қыр соңынан аңдыған екен.

“Маньякты суреттен көрдік. Басында кепкасы бар, сақал-мұрты бар ер адам. Арықша денелі”, – деді қорықшы Айбол Молдақынов.

Ол мұндай жайттың алғаш рет орын алып отырғанын жеткізді.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық бағы Медеу филиалы директоры орынбасары Серікжан Сұраншин туристерге алаңдайтын негіз жоқ екенін, демалуға келуге болатынын айтты. Маньякты жан-жақты іздеу жұмысы жүріп жатыр.

Комментарий