Жаңалықтар | Новости

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 314 жағдайы тіркелді

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 14 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 314 жағдайы тіркелді

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106-ға жетті.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында — 1576,
  •  Алматы қаласында — 850,
  •  Шымкент қаласында – 416,
  •  Ақмола облысында – 160,
  •  Ақтөбе облысында — 204,
  • Алматы облысында — 144,
  •  Атырау облысында — 299,
  •  Шығыс Қазақстан облысында — 79,
  •  Жамбыл облысында — 71,
  •  Батыс Қазақстан облысында — 234,
  •  Қарағанды облысында — 603,
  •  Қостанай облысында — 104,
  •  Қызылорда облысында — 84,
  •  Маңғыстау облысында — 189,
  •  Павлодар облысында — 156,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында — 86,
  •  Түркістан облысында — 59.

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 756 адам жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 1194,
  • Алматы қаласында — 457,
  • Шымкент қаласында — 62,
  • Ақмола облысында — 46,
  • Ақтөбе облысында — 55,
  • Алматы облысында — 53,
  • Атырау облысында — 161,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 81,
  • Жамбыл облысында – 31,
  • Батыс Қазақстан облысында — 48,
  • Қарағанды облысында — 166,
  • Қостанай облысында — 45,
  • Қызылорда облысында — 24,
  • Маңғыстау облысында — 167,
  • Павлодар облысында — 58,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 58,
  • Түркістан облысында — 50.

Елімізде барлығы 420 984 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 705 675 адам, 2-ші компонентін 2 597 505 адам салдырды.

Сонымен қатар, ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 15 шілдедегі ақпаратты жариялады.

«15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

  •  15 280 пациент стационарда,
  •  32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр», — делінген хабарламада.

Ал КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  919 адамның жағдайы ауыр,
  •  212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Комментарий