Жаңалықтар | Новости

Сотталған қалыңдығымен некеге тұрды

Темір тормен  қоршалған,  сырттағыларға « суық үй» болып есептелетін тар қапастағылардың бас бостандығы шектелгенмен, азаматтық құқығы сақталған. Соның бірі, олардың  өздері ұнатқан жандармен некеге  тұру құқығының сақталуы. Ия, махаббатта шекара жоқ. Бір-бірін шын ұнатып, көңіл жарастығы үйлескен екі азаматтың  заңды некге тұруына еш кедергі жоқ. Осы орайда,   ЗК-169/1 тергеу изоляторында 3 жыл 6 айға сотталған С есімді  жазасын өтеуші,  қалыңдығымен некеге тұрып, неке қию туралы  куәлігін алды.

  • Мен жігітіммен танысқанда, ол бостандықта етін. Ата-анамнан айырлып, бауырларымның жалғыз асыраушысы ретінде, күні-түні жұмыс жасап, қаражаттан қысылып жүргенде маған бұл жігіт көп көмектесті. Екеуміздің таныстығымыз да кездейсоқ болды. Ол мені тиісті жерге ақысыз апарып тастаған болатын. Мен жол-пұлымды міндетті түрде әкеп беремін деп, телефон нөмірімді қалдырып кеткенмін. Міне, сол күні кешке қоңырау шалып, екеуміз танысып-білісіп кеттік. Содан бір жылдай уақыт өткенде, ол аңдамай басып, заң бұзып, жауапқа тартылды. Бұл қапаста жатқанына 6 ай болды. Әлі үш жылы бар. Мен көп ойланып, өзімнің тағдырымды осы жанмен байланыстыруға бел будым. Оны қиын сәттерде тастап кетпей, қолдағым келеді- дейді соталғанның қалыңдығы.
  • Бүгін мен үшін, ең бақытты күн. Өзім ұнатқан қызбен некеге тұрдым. Бұл үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін- деп,  қуаныштан толғанып тұрған жігіт өз лебізін қысқаша қайырды.

Жазалау орындарында  некеге тұру сирек жайт . Алайда, бұндай жағдайларда неке тіпті көтермеленеді. Өйткені неке-  қамаудағыны тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады. Негізінен, әйелдер күйеулеріне жақсы әсер етеді, оларды тез арада босатуға итермелейді. Сотталғандар қоғамдық өмірге белсенді қатыса бастайды, олардың мінез-құлқы жақсарады- дейді,  мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары,  әділет майоры Қ.Олжабаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий