Жаңалықтар | Новости

Бірлескен тексерулер жандандырылуда

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексінің  4-бабының 1-бөлігінде «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.»-деп көрсетілген.

Осы мақсатта Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің Қармақшы аудандық пробация қызметі, сот үкімімен тағайындалған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарды есепке алған уақытта, олармен сұхбат жүргізіліп, жауапкершіліктері мен  міндеттерін және көрсетілетін әлеуметтік құқықтық көмектің барлық түрлерін түсіндіріп, жеке бағдарламасы құрастырылады.

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандармен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алудың мақсатында түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар мен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілгенімен жаза өтеу шарттарын бұзатында да жиі кездеседі.

Осыған байланысты, сотталғандарға қатысты заң нормаларын жіті түсіндіріп, жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қармақшы аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтарды мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сотталғандармен қайта қылмыс жасамау, сондай-ақ, спирттік ішімдіктерді,есірткі заттарды қолданбау, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы тәрбиелік сұхбат жүргізіліп, барлық сотталғандармен және олардың туыстарымен, сондай-ақ сотталғандарға оң әсер етуі мүмкін адамдармен тәрбиелік-түсіндіру сипатындағы әңгіме жүргізіліп көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берілді.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий