Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі азаматтар  арасында белтемірге тартылудан жарыс өтті

12.07.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Арал аудандық пробация қызметі мен аудандық жастар ресустық орталығы бірлесіп спорттық шара өткізді. Сотталғандардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, қайтадан қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған шараға есептегі 10 азамат қатысты

Тартысқа толы бәсекеде есептегі азаматтар белсенділік танытып, жеңіске жету үшін барларын салды. Тартысты өткен сайыстың  жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

«Меморанду аясында аудандық жастар ресустық орталығымен  бірлесе  спорттық шараларды жиі өткізіп отырамыз.Өйткені,пробация есебіне алынған азаматтардың  азаматтардың саламатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Осындай іс-шаралар, оларға серпін беріп,  алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып қалыптасуына  игі әсері  бар», – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ерболат Жарасов.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий