Жаңалықтар | Новости

Сотталған қалыңдығымен некеге тұрды

Темір тормен қоршалған, сырттағыларға « суық үй» болып есептелетін тар қапастағылардың бас бостандығы шектелгенмен, азаматтық құқығы сақталған. Соның бірі, олардың өздері ұнатқан жандармен некеге тұру құқығының сақталуы. Ия, махаббатта шекара жоқ. Бір-бірін шын ұнатып, көңіл жарастығы үйлескен екі азаматтың заңды некге тұруына еш кедергі жоқ. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторында 3 жыл 6 айға сотталған С есімді жазасын өтеуші, қалыңдығымен некеге тұрып, неке қию туралы куәлігін алды.

– Мен жігітіммен танысқанда, ол бостандықта етін. Ата-анамнан айырлып, бауырларымның жалғыз асыраушысы ретінде, күні-түні жұмыс жасап, қаражаттан қысылып жүргенде маған бұл жігіт көп көмектесті. Екеуміздің таныстығымызда кездейсоқ болды. Ол мені тиісті жерге ақысыз апарып тастаған болатын. Мен жол-пұлымды міндетті түрде әкеп беремін деп, телефон нөмірімді қалдырып кеткенмін. Міне, сол күні кешке қоңырау шалып, екеуміз танысып-білісіп кеттік. Содан бір жылдай уақыт өткенде, ол аңдамай басып, заң бұзып, жауапқа тартылды. Бұл қапаста жатқанына 6 ай болды. Әлі үш жылы бар. Мен көп ойланып, өзімнің тағдырымды осы жанмен байланыстыруға бел будым. Оны қыйын сәттерде тастап кетпей, қолдағым келеді- дейді соталғанның қалыңдығы.

– Бүгін мен үшін, ең бақытты күн. Өзім ұнатқан қызбен некеге тұрдым. Бұл үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін- деп, қуаныштан толғанып тұрған жігіт өз лебізін қысқаша қайырды.

Жазалау орындарында некеге тұру сирек жайт . Алайда, бұндай жағдайларда неке тіпті көтермеленеді. Өйткені неке- қамаудағыны тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады. Негізінен, әйелдер күйеулеріне жақсы әсер етеді, оларды тез арада босатуға итермелейді. Сотталғандар қоғамдық өмірге белсенді қатыса бастайды, олардың мінез-құлқы жақсарады- дейді, мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев.

Комментарий