Жаңалықтар | Новости

Қазақстанның қай өңірлері “қызыл” аймақта?

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

“Сары” аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.

“Жасыл” аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске салайық, елде ауру жұқтыру саны бойынша антирекорд тіркелді. Сонымен қатар, ВАК емделіп шыққандар мен вакцина салдырғандар туралы мәлімет берді.

Комментарий