Жаңалықтар | Новости

Тергеу изоляторында майонез қауыршағынан телефон табылды

Жазасын өтеушілердің туған-туыстарына түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілсе де, олардың түрлі қитұрқы әрекеттерге баруы толастамай тұр.

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінде, сотталған азаматқа келген тағамдарды тексеру барысында ұялы телефон табылды.

Бұл байланыс құралы, мекеме қамауындағы 3 жыл қатаң режимге сотталушыға келген А есімді азаматтың әкелген сәлем- сауқатының ішінен шыққан.
Мекеменің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі қызметкер, РжКБ-нің бақылаушысы, әділет сержанты Е.Яхияевтің жіті қадағалауының нәтежиесінде майонез қауыршағының ішінен , « Teхet » маркалы ұялы телефон және 1 дана сим карта тәркіленді. Қазіргі таңда бұл іс Қызылорда қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды

Комментарий