Жаңалықтар | Новости

Алдағы күндері күшті магниттік дауыл болады

Алдағы күндері күшті магниттік дауыл болады. Бұл күндері жүрек-қан тамырлар жүйесіне салмақ салмау керек, — деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Магниттік дауыл 12 шілдеде болады. Зерттеушілердің сөзінше, бұл уақытта энергетикалық жүйелерде ақаулар болып, тіпті ғарыштық аппараттарды басқаруда қиындықтар туындауы мүмкін.

Дауыл кезінде геомагниттік белсенділік қарқындылығы төрт балдық шкала бойынша G1 деңгейіне жетеді деп күтіледі.

Ғалымдар дауыл кезінде адамдардың басы ауырып, әлсіздікті сезінуі мүмкін екенін ескертеді.

Комментарий