Жаңалықтар | Новости

Міндетті вакцинация: 15 шілдеден кейін қызметкерлер қалай тексеріледі?

Денсаулық сақтау министрлігі 15 шілдеден кейін жұмыс беруші мен қызметкерлердің вакцинация мәртебесі қалай тексерілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тексеруге ішкі істер органдарымен бірлесіп мониторингтік топтар тартылады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік органдар ішкі істер органдарынан тиісті материалдарды алған кезде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 82-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жұмыс берушілерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады:

  • санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-профилактикалық шараларды жүргізу;
  • көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • санэпидбақылау органдарының лауазымды тұлғаларының актілерін орындау;
  • қызметкерлер арасында денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

«ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңнама орындалмаған жағдайда және ҚР ӘҚБК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша халықтың санэпидемиалогиялық әл-ауқаты саласындағы лауазымды тұлғалар қаулысы мен нұсқамасы орындалмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін. Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, жұмыс беруші, егер оның іс-әрекеті оның өмірі мен денсаулығына, оның ішінде басқа да қызметкерлерге ауыр зардаптар әкелуі мүмкін болса, қызметкерді шеттетуге міндетті», — делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Айта кетейік, 2 шілдеден бастап барлық қызметкері вакцина салдыруы керек нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енді. Тізбеге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету нысандары және халық жаппай баратын басқа да орындар кірген.

Комментарий