Жаңалықтар | Новости

Тергеу изоляторының қамауындағыларға вакцинаның екінші этапы салынды

Індет қаупі сейілмеген қазіргі кезде, ЗК-169/1 тергеу изоляторында короновирустық инфекцияға қарсы вакциналанудың екінші компоненті салынды. Вакцинаның бұл екінші бөлігі күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталғандарға мекеменің медициналық бөлімінде жүргізілді. Осыған орай, № 6 қалалық емханадан дәрігер мамандар шақыртылды.
Бұған дейін де, бұл сала мамандарымен осылай бірлесе түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмыс жасауының негізінде бүгінгі күнге дейін екпе салынғандар арасында денсаулығына шағым жасағандар болмады.

— Біздің мекемеде бүгінгі таңда 193 қамаудағылардың 141-і Спутник вакцинасын салдырса, 20 азамат Хаяат вакцинасын қабылдады. Бұдан бөлек денсаулығына байланысты 6 ай мерзімге медициналық шегініс жасағандар бар. Сонымен қатар ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін, маска тағу, қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану сияқты алдын алу шаралары күнделікті қадағаланылып отырылады – деді, мекеменің медицина бөлімінің фелдшері әділет лейтенанты Н.Талғат

— Коронавирустың жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғатынын ескеріп жүрген жөн. Ия, қаперге алмаған қатерге ұрынар деген, мен бұл індеттен сақтанудың ең қауіпсіз жолы, вакцина қабылдау деп біліп, Спутник вакцинасының екінші бөлігін салғыздым – дейді, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған.

Комментарий