Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма?

Ресейде Sputnik-V вакцинасының балаларға сыналуы қоғамда алаңдаушылық тудырды. Мамандардың айтуынша, мұндай ғылыми сынақтар халықаралық тәжірибе болып саналады. Вакцинаны балаларға салдырған дұрыс па? Бұл туралы балалар невропатолог Қайырғали Көнеев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, балаларға вакцина салу Қазақстанда да жүргізіледі.

“Біздің қоғамды бұл мәселе не үшін алаңдатады? Өйткені вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі халықтың ересек тобына әлі дәлелденбеді. Сондықтан қоғам қорқып отыр. Дегенмен балалар ересектерге қарағанда әлдеқайда көп мөлшерде вакцина алады. Туғаннан бастап әртүрлі вакциналар салынады.

 

Вакцинаны балаларға сынау Қазақстанда міндетті түрде күтілетін сәт деп ойлаймын. Sputnik V-мен болып жатқан барлық жағдайлар Қазақстанда да болады. Жақын уақытта Денсаулық сақтау министрі хаттаманы өзгертіп, балаларға да вакцина салу жұмыстарын бастайды деген ойдамын.

Sputnik V-ді өндірушілер вакцинаның аденовирус негізінде жасалғанын айтады. Аденовирус ол барлық жерде таралған вирус. Жеңіл тұмау тудыратын  синдром. 3-4 күнге созылады. Жеткілікті таралған инфекция аурудың созылмалы түрлерін жойып, организмнің ауыр зақымдануына жол бермейді. Тіпті балаларға практика жүзінде іске асырылса да қандай да бір қауіп төндірмейді деп ойлаймын”, – дейді ол.

Комментарий