Жаңалықтар | Новости

45,5 градус. Қазақстанда 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды. 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет синоптиктеріне сілтеме жасап.

Метеорологтардың айтуынша, жаздың бірінші айы қарама-қайшылықтарымен таңғалдырды. Айдың көп бөлігінде елдің батысы мен оңтүстік өңірлерінде субтропикалық ауа массаларының әсерінен аптап болды.

“Кей күндері термометр бағаналары апатты гидрометеорологиялық құбылыс (АГҚ) +40…+46 градус өлшемдеріне жетті, осылайша елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияда тәуліктік рекордтар жаңарды: Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9 градусқа жетті, 2015 жылдың ең жоғары мәні +39,8 градус болған, Аққұдық метеостанциясында 29 маусымда +44,4 тіркелді, бұл 2018 жылдың абсолют максимумынан – +43,3-тен асып түсті, Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8 градус болды, 2015 жылы рекорд +39,8 болған, Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ең жоғары ауа температурасы +45,5 тіркелді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда жоғары, +41,2 болған”, – деп хабарлады синоптиктер.

Комментарий