Аймақ | Регион

Жыл басынан бері пробация қызметінің есебінде 92 адам тіркелген

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмаларының бірі – бас бостандығынан айыру орнынан босатылған және шартты сотталған адамдар мен бас бостандығын шектеу жазасына сотталған азаматтардың қоғамда өз орнын табуға көмек көрсетіп ықпалдасу. Сонымен қатар, ҚР-ның 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындауға жауап беретін пробация қызметін құру туралы міндет қойылған болатын.

Қазіргі таңда ШҚО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметі қоғамнан оқшаулау мен байланысты емес жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталғандарды бақылап және тексеріп қана қоймай, оларға еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмек көрсетіп келеді.

Жыл басынан бері пробация қызметінің есебінде 92 адам тіркелген болса, оның 33-і осы күні тіркеуден алынған.

Сотталғандар мен мерзімінен бұрын шартты түрде темір тордың ар жағынан босап шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеп, құқықтық, психологиялық және басқа да көмек көрсету ісін ойдағыдай атқарған пробация қызметінің мамандары биылдың өзінде жалпы саны 70 адамға көмек көрсеткен. Оның ішінде: есепте тұрған 2 азаматқа психологиялық көмек көрсетілген болса, 18 адамды тұрақты жұмысқа орналастырған, 2 азаматтың жеке бас куәліктері жасалып, рәсімделді.

Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандарды жазалау мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет, – дейді аудандық пробация қызметінің инспекторы Еркебұлан Ахметзакиев.

Комментарий