Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді.

Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға 5 жасақтан 5 команда қатысып,жарыс көркін қыздырды.Тартысқа толы бәсекеде жазасын өтеуші жастар белсенділік танытып, жеңіске жету үшін барларын салды. Турнир қорытындысы бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

«Мекеме басшылығы жазасын өтеуші азаматтарды темір торда телміртіп отырғызбай уақытын тиімді түрде өткізуді ұтымды пайдаланып отыр. Бұл жазасын өтеуші азаматтардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеудің бірден-бір жолы», – дейді сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің бастығы әділет майорыА.Өскенбаев .

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий