Жаңалықтар | Новости

Алмас Кішкенбаевтың анасы қайтыс болды

Әнші Алмас Кішкенбаев анасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сүйікті ұлдарыңыз, тұңғыш SuperStar Алмас Кішкенбаевтың анасы мәңгілік мекеніне қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Бәріміз Алладан келдік және оған қайтушымыз. Алмас, бауырым бекем бол. Туған туыстарыңа керексің. Сабыр берсін», – деп хабарлады теле-радио продюсер Иса Азамат.

Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев әжесінің қолында өскен. Сол кісіні «ана» деп атаған. Анасы жеті баланы өсіріп, жеткізу үшін 70 жасына дейін жұмыс істеген. Алмастың әйелімен ажырасқанын естіген кезде, қарт ана инсульт алып, сөйлемей қойған.

Комментарий