Жаңалықтар | Новости

Қытайлық компания дрон орнатылған смартфонды патенттеді

Қытайлық Vivo компаниясы дрон түрінде ұшып шығуы тиіс камерасы бар смартфонды патенттеді. Құрылғы қарапайым смартфон секілді, бірақ оның жоғары бөлігінде жылжымалы конструкциясы бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смартфон конструкциясы Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының (WIPO) сайтындағы патенттік өтініште сипатталған. Смартфонның жоғары бөлігінде екі камера мен үш инфрақызыл сезбегі бар шағын дрон жасырылған. Осының арқасында әуеде фото түсіруге болады.

© LetsGoDigital

Мұндай смартфон шығарылса, өзіңізді алыстан немесе қашықтан түсіру мүмкін болмақ. Алайда патентте дронды қалай басқару керегі айтылмаған. Дрон смартфон арқылы басқарылады деп топшылауға болады.

Комментарий