Жаңалықтар | Новости

Жекеқұрам ел астанасын мақтан тұтады

Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңымен оянып, бақытты өмір сүріп, табысты еңбек етіп жатқан ЗК- 169/1 тергеу изоляторының жеке құрам тобындағы жалынды жастар, ел астанасын мақтан тұтамыз дейді.

Бұл ойларымен және елорда жайлы білгендерін, 6 маусым Астана күніне орай ұйымдастырылған “Нұрсұлтан – жаңа әлемдегі Қазақстанның жаңа бейнесі деген тақырыптағы ақпараттық -мәдени сағатта ортаға салып, ой бөлісті.

Алдымен, “астана жаухарлары ” яғни Нұрсұлтан қаласының көрнекті, сәулетті ғимараттары жайлы жеке-жеке айтып өтті.

– Мен алғаш, атанаға барғанда, 97 метр биіктіктегі Бәйтерек кешенін көріп, бойымды мақтаныш сезімі биледі. Елімнің төріндегі Нұрсұлтан қаласының жылдан-жылға сәулеті артып,көркейіп келе жатқандығына қарап, Қазақстанның болашағының зор болатындығына сенімім артып қайтқан болатынмын-деді РжКБ-нің бақылаушысы, әділет лейтенанты Б.Қазбеков.

Ия, бұл күні жеке құрам жаңа ғасырдағы жаңа астанаға арнап, бірі ән салды,бірі – өлеңін арнадыды.

Атап айтсақ, әділет капитаны Р.Байділдаев “Жаса, жаса, даңқты елім” – деп ән шырқаса, қатардағы Қалжан Жұлдыз өз шығармашылығынан арнау өлеңін оқыды.
Бұдан басқа да қызметкерлер іс-шараның жақсы деңгейде өтуіне ат салысып, өз үлестерін қосты.

– Ұйымшылдықпен өткізілген бұл ақпараттық -мәдени сағаттың жекеқұрам үшін тәрбиелілік мәні жоғары болды, -деді, ісшараның ұйымдастырушысы, кадр саясат бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Шахи

Комментарий