Жаңалықтар | Новости

Тергеу изоляторындағы сотталғандар онлайн шеберлік сабағына қатысты

Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай ІІМ ҚАЖ комитеті БҰҰ есірткіге және қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірге сотталғандар арасында онлайн және офлайн түрде бейнелеу өнерінен шеберлік сабағын өткізді. Онлайн шеберлік сабағына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелеріндегі жазасын өтеушілер қатысып, көркем сурет өнері бойынша қабілеттерін шыңдады..

Бұл шеберлік сабақты Қазақстандық тәуелсіз суретші Асхат Ахмедияров жүргізді.

Сабақтың мақсаты: сотталғандардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өмірге қайта бейімдеу  болып табылады.

  • Мен, бала кезімнен сурет салуға құмармын. Мектепте жүргенде әртүрлі сурет байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болғанмын. Бірақ есейген соң, өмір ағымымен, тіршілік қамымен бұл өнерді мүлдем қойып кеткен болатынмын. Енді міне, істі болып, қамауда отырмын. Мұнда жұмыстан бос уақыттарда , қолыма қалам алып, бір сәт сурет салатын кездерім бар. Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, көңлім көтеріледі. Бостандыққа шығар күнге деген үмітім молаяды.

Бүгінгі  іс-шараға қатыса отырып,  өз-өзіме деген сенімділігім артты. Бостандыққа шыққан соң, көркемсурет өнері мектебіне жазылып, шеберлігімді шыңдаймын – деді Қ. есімді сотталған азамат.

Бұл шеберлік сабағына қатыса отырып, сотталғандар сондай-ақ, Асхат Ахмедияровтың, көркем сурет, фотосурет, видео, инсталляция және перформанс салаларында жұмыс жасайтын тәуелсіз суретші екендігі жайлы мағлұматтарды естіп, Қазақстанның көрінбейтін Павильоны» жобасына әлемдік ірі және беделді биенналелерде Қазақстанды таныстыруға лайықты кемеліне келген, жасампаз және жігерлі суретшілердің бірі деген баға алғандығын да танып білді.

Ол- видео, фото, спектакль, инсталляция, картина формаларын қолдана отырып, шығармалары арқылы Қазақстан халқын ойлануға және әрекет етуге шақырады. Олай болса, бүгінгі   бір жарым сағатқа созылған шеберлік сабағының да, сотталғандарға берері мол болғаны анық.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий