Жаңалықтар | Новости

Сотталғандармен өткізілген спорттық жарыс – астана күніне арналды

Қызылорда қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1мекемесінде 6маусым – Астана күніне орай, мекеменің тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеуші сотталған азаматтар арасында спорттық шара өтті.

Бұл іс-шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып атқарылды.Осы басқарманың әдіскерлері Ертай Сағадат пен Аңсат Абсадыков жарысқа төрағалық ету мақсатында арнайы шақыртылып, арнайы кубоктар дайындап әкелді.
Жарыс спорттың турникке, брусяға және арқан тарту түрлерінен санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Жарысқа мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған 16 сотталған қатысты. Олар үш командаға бөлініп, қызу тартысқа түсті.

Арқан тарту бойыша « Барыс » командасы басым түссе, турникке тартылудан « Қыран» тобы алда болды.
Ал, брусияға тартылу бойынша, « Бүркіт » тобы ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанды.Қызықты да тартысты өткен жарыстағы жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар тапсырылып, мақтау қағазымен марапатталды.
«Бүгінгі іс-шарамыз, елордамыз Нұрсұлтан қаласының туылған күніне орай өткізілді. Сондықтан да, алдымен мемлекеттік әнұран орындалып,сотталғандарға жаңа астананың тәуелсіз еліміздің дамуы жолындағы айрықша орны жайлы айтып өттік.

Содан соң барып, тартысты додаға кезек берілді. Мерекелік күндерге байланысты мұндай спорттық шараларды жиі өткізіп отырамыз.Өйткені, сотталған азаматтардың саламатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Осындай іс-шаралар, оларға серпін беріп, алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып шығуына игі әсері бар», – деді, АКАӘПТЖБ- нің бастығы, әділет капитаны Ардақ Тұрманов

Комментарий