Жаңалықтар | Новости

Судья, заңгер және адвокаттар міндетті вакцинация тізіміне енді ме?

Facebook-те заңгерлер, нотариустар мен судьялар Қазақстанда міндетті вакциналауға жататын мамандық өкілдерінің тізіміне енбегені туралы хабарлама жарияланды. Stopfake сайты ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

«Бас санитария дәрігердің қаулысында адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтерін көрсететін объектілер қызметкерлерінің міндетті вакцинациялауға жататыны көрсетілген», — деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта сот отырыстары онлайн режимде өтетіндіктен тізімде судьялар мен сот приставтары жоқ екенін айтты.

Еске салайық, міндетті вакциналауға жататын мамандық өкілдерінің тізімі ҚР бас санитария дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысымен бекітілген. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Комментарий