Жаңалықтар | Новости

Погондағылар қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлады

Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау – сауапты іс. Міне осындай сауапты іске өз үлесін қосып келе жатқан ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері тағы да қан тапсырды.

Болат білекті, құрыш жүректі жеке құрам қызметкерлері, Қызылорда облыстық қан орталығының бұл жолғы өтінішіне құлақ асып, өз еріктерімен қан берді.

— Ересек адамда 5,5 литрге жуық қан болады. Негізінде, донордан 450 милилитр қан алынады. Қан тапсырудың адам ағзасына тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Қан тапсырылған сайын адам бойындағы қан тазарып, жаңарады. Бұл өз кезегінде көптеген аурулардың алдын алады.Тергеу изоляторы қызметкерлері біздің тұрақты донорларымыз.Олар донорлықтың қаншалықты маңызды екенін түсініп, біздің сұранысымызға қарай, ерікті түрде ат салысып отырады.-деді, трансфузиолог дәрігері Кумусбаева Гүлнара.

— Жыл сайын тұрақты түрде қан тапсырып келемін. Бүгінгі акцияда донорлар үшін барлық жағдай жасалған. Кеше кешкісін, денсаулығыма қарап, майлы әрі ысталған тағамдарды жемедім. Өзгенің өмірін сақтап қалуға ат салысқаным үшін өзімді бақытты сезінемін», — дейді әділет лейтенанты, жедел бөлімнің жедел уәкілі Ақбай Рамазан Бұл күні мекеме бойынша барлығы 30 азамат қан тапсырды. Соның ішінде, ерекше резусы теріс, сирек кездесетін қан тобы кездесті. Бұл азаматшаның осындай топтағы қанға зәру науқасқа керек кезінде, қайырымдылық жасайтындығына сенімдіміз деп қайтты қан орталығынан келген қызметкерлер.

Комментарий