Жаңалықтар | Новости

Жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысу жалғасуда

2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Алатау ауданына барды.
Сапар аясында ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылып, «NurOtan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, сондай-ақ «Alatau Creativ Hub» жұмысымен танысты.

Сапардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және қызметтік этика туралы заңнама нормаларының талаптарын түсіндіру болды.
Атап айтқанда, мемлекеттік басқару тұжырымдамасының ережелерін, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, сондай-ақ еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін түсіндіруге баса назар аударылды.

Өткізілген жеке қабылдауда азаматтар санитарлық ағаштарды кесу, көшені жарықтандыру тіректерін орнату және аудан тұрғындары үшін демалыс орындарын ашу мәселелерін көтерді. Аталған мәселелерді шешу аудан әкімдігімен бақылауға алынды.

Аудан әкімдігінің бастамасымен құрылған «Alatau Creativ Hub» жұмысымен танысу мазмұнды болды. Бұл хабта жастар мен оқушыларға арналған үйірмелердің 50-ден астам түрі, соның ішінде тегін интернет, кітап залдары ұйымдастырылған, жастар арасында түрлі тақырыптарда дебаттар, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Келесі іс-шараны Бостандық ауданында өткізіледі.

Комментарий