Жаңалықтар | Новости

Тұлғаның өзін – өзі бағалауы

Сана – тек адамға ғана тән, объективті шындылықтың жоғары формасы. Адамға сырт әлемді көкейкесті аңғаруды, сырт әлемді тануды қамтамасыздадырады. Адамға қоғамдық тиімділігін білдіріп, өзінің жоғары сапалылығын сезіндіреді.

Осыған орай, түзету мекемелерінен босап шыққан тұлғалар үшін, әлеуметтік өмірге қайта бейімделу процессіне пробация қызметінің  психолог мамандары  оңтайлы көмегін беруде. Салыстырмалы түрде 2021 жылдың 2 тоқсаны мен 2020 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткішін алғанда, есептен өткен тіркелуші тұлғалар саны  40- қа азайғандығы байқалады.

«Сотталғандарды қабылдау барысында әр тұлғаның  психологиялық ерекшеліктеріне мән бере отырып, оның сана – сезіміне оңтайлы әсер ету үшін, өзін – өзі бағалау деңгейін реттеп, алдағы жасайтын қадамдарын аңғарып басып, туындап жатқан мәселелерді дұрыс шешімін табу үшін ұсынымдар беріледі,  әрі қарай қажеттілігіне байланысты оларға түзеу мекемесінен босап шыққан соң жұмыспен қамтылуы үшін тұрғылықты мекен – жайына қарасты қаланың жұмыспен қамту орталықтарына немесе тұрақтайтын үйі жоқ болып жатқан жағдайда қиын жағдайда қалған Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталықа сұраныс жіберу арқылы көмектер көрсетіледі.»  — деп хабарлайды  ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ Инспектор – психологы әділет капитаны Мөлдір Кабибиева.

Комментарий