Жаңалықтар | Новости

ДДСҰ “қара зеңді” не қоздыратынын айтты

ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович ұйым “қара зеңмен” байланысты зең инфекциясын жұқтырып алмау үшін, COVID-19-дың ауыр және орта деңгейінде гормональды препараттар мен антибиотиктерді аз тұтынуға кеңес беретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Үндістанда COVID-19 жұқтырған пациенттерден анықталған зең инфекциялары ашытқы немесе зеңмен байланысты болуы мүмкін. Зең мукоримоз (“қара зең”) және аспергиллез (өзге типтегі зең) секілді инфекцияларды қоздыруы мүмкін.

“Ашытқы мен зең қоршаған ортада бар. Бірақ олар иммундық жүйесі әлсіз, диабет пен өзге де созылмалы ауруы барлар, обыр ауруына шалдыққан адамдар мен ұзақ уақыт дәрі қабылдап жүргендерге жұғады. Әрине, COVID-19 иммунитетті әлсіретеді”, – делінген РИА Новости басылымына келіп түскен хабарламада.

Вуйнович ДДСҰ “жеңіл және орта ауру жағдайында антибиотиктер мен кортикостероидтарды қолдануды барынша азайтуға” кеңес беретінін айтты. Ол кортикостероидтың ауыр жағдайда көмектесетінін айтады, бірақ шамадан тыс қолдану саңырауқұлақ инфекциясын тудыруы мүмкін.

Вуйнович биомедициналық құрылғылар, соның ішінде желдеткішті мұқият тазалап, дезинфекция жасап тұруға кеңес берді.

ДДСҰ өкілі пациентте саңырауқұлақ инфекциясы анықталған жағдайда оған қарсы препараттармен емдеу керегін айтты.

Мукормикоз немесе “қара зең” – саңырауқұлақ инфекциясының асқынуы. Инфекция диабеті барлар және аурумен, әсіресе коронавируспен, күресу әсерінен иммунитеті төмендеген адамдар үшін қауіп төндіреді.

Комментарий