Жаңалықтар | Новости

Блогерлерге байланысты қаржы ұйымдарын жарнамалау ережесін өзгерту ұсынылды

Бас прокуратура Қазақстандағы қаржы ұйымдарын жеке тұлғалардың жарнамалауына тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Көпшілікті тарту мақсатында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өз қызметін медиа тұлғалар (блогерлер, вайнерлер және әртістер) көмегімен жарнамалайды. Осыған байланысты алаяқтықтар мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс шеңберінде қаржы ұйымдары қызметін жеке тұлғалардың жарнамалауына тыйым салудың орындылығы туралы мәселе зерделеніп жатыр”, – деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілі.

Келісілген ұстанымды әзірлеу үшін Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдарға – Ұлттық Банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, ІІМ Әділет министрлігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына сауал жіберген.

“Жауап келгеннен кейін және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұстанымдарын зерделегеннен кейін қаралып отырған мәселе бойынша түпкілікті ұсыныстарды бастама ету туралы мәселе шешілетін болады”, – деді ведомство өкілі.

Комментарий (1)

  1. Бұл дұрыс шешім. Қазір блогерлер көп, бірақ олар көптеген подписчиктер өздерінің әр сөзіне сенетінін түсінбейді. Ақша үшін олар кез-келген жарнаманы өз жауапкершілігін сезінбей қабылдайды.

Комментарий