Жаңалықтар | Новости

“Шартты сотталған” атты республикалық профилактикалық іс-шара өтті

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алуға, жолын кесуге байланысты ағымдағы жылғы 21-27 маусым аралығында республика аумағында жоспарлы “Шартты сотталған” атты республикалық алдын алу іс-шарасы өтті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануының алдын алу және жаза өтеуден қасақана жалтарып, іздеуде жүрген тұлғаларды анықтау мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды аралауға шықты.

«Аталған РПІШ кезеңінде пробация қызметінің қызметкерлері ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа да мемлекеттік органдардың базалары бойынша барлық есепке алынған тұлғаларға олардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау тұрғысынан мұқият тексерулер жүргізеді. 2021 жылдың 6 айында пробация қызметі сотпен тағайындалған жазаны қоғамнан оқшаулаусыз бас бостандығынан айыруға ауыстыруға 25-тен астам материал жолдап, ШҚО Семей қаласының № 2 соты қанағаттандырғанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, қазіргі таңда есептегі 4 тұлғаға қатысты ұқсас материалдар дайындалуда. Сонымен қатар, тұрғындармен кез-келген байланыс кезінде жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалана отырып, қызметкерлердің қызмет атқару кезінде санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша шаралар қабылданды», – деді әділет майоры Жасулан Аринов.

Комментарий