Жаңалықтар | Новости

COVID-19 жұқтырған 500-ге жуық қазақстандықтың жағдайы ауыр

Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 500-ден аса адамның жағдайы ауыр және өте ауыр деп бағаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (22 746 КВИ+ және 1 276 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  7 125 пациент стационарда,
  • 16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  485 адамның жағдайы ауыр,
  •  104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, тағы 23 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.

Айта кетейік, 29 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 3 246 795 адам салдырды, II компонентін 1 954 372 адам.

Комментарий