Жаңалықтар | Новости

46 алматылықтан дельта штамы анықталды

Алматыда вирус жұқтыру жағдайларының өсуі “дельта” штамына байланысты. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі “альфа” немесе ұлыбританиялық штамм, 46 үлгіде “дельта”, үнді штамы анықталды. Сонымен қатар, екі “гамма”, оңтүстікафрика штамы мен бір нью-йорк, “бетта” штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі “альфа” штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген “дельта” штамының салдарынан”, – деді Жандарбек Бекшин ОҚК онлайн-брифингінде.

Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ жұқтырғандар үлес салмағы 32 пайыздан 53 пайызға дейін артты, бұл COVID-19-дың “дельта” штамы тез тарайтынын көрсетті.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин төртінші толқын қаупі төніп тұрғанын айтқан болатын.

Комментарий