Жаңалықтар | Новости

ҚАЖ қызметкерлері БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтады

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді. Яғни , жыл сайын дәл осы күні, халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы мерекеге орай, Қызылорда облыстық департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері, департамент бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиевтің атынан Алғыс хатын апарып табыстады.
Қазіргі заман — ақпарат заманы. Қалың көпшілікке бұрын жария етіле бермейтін, жабық мекеме болып саналатын ҚАЖ саласының жұмыс барысы туралы да, бүгінгі таңда мүмкіндігінше ашық түрде жарияланып тұрады. Мемлекеттік орган қызметінің жариялық пен ашықтығын сақтай отырып, БАҚ-пен өзара іс-қыймылды жалғастыру мақсатында, ҚАЖ мекемелері тарапынан атқарылған әрбір іс-шара туралы мақала бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі ұсынылып отырады.
​ Пенитенциарлық жүйенің қызметін, соның ішінде тергеу изоляторы жұмысын жария етуде және мекеме қызметкерлерінің қоғамдағы оң беделін қалыптастыру мақсатында, ЗК-169/1мемлекеттік мекемесі БАҚ-ымен әрдайым өз-ара тығыз байланыста жұмыс атқарылуда.
Атап айтсам, республикалық көлемдегі zanmedia. kz сайтының веб редакторы Қуаныш Ермекова мен Халық газетінің тілшісі Бекзат Аманов пен басқа да ведомсталық газет-журнал редакциялары және облыстық «Сыр Медия» жауапкершілік серіктестігіне қарасты газет тілшілері мен республикадағы ең ірі медиалық ресурс. «Qazaqstan» және « Хабар 24 телеарнасының аймақтағы тілшілері, облыстық ҚQYZYLORDA телеарнасы, Қоғам –ТВ телеарнасы журналистерімен тығыз байланыста .
​Соның нәтежиесінде, ЗК-169/1 мекемесі бойынша , мекеменің қызметі туралы оң жариялымдар, атап айтқанда, сотталғандардың құқықтарын сақтауға жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мекемеге тыйым салынған заттардың алдын кесу, мекеме қызметкерлерінің табысты қызметі жайында жазылған материялдар кеңінен таратылып тұрады.
Мекеме жаңалықтарын таратуда, пенитенциарлық жүйенің қызметін жария етуде,оң беделін нығайтып,шынайы көзқарас қалыптастыру мақсатында ІІМ жүйесі жұмысының ашықтығы мен айқындылығы принципі негізінде халықтың сенімділігін арттыру мақсатындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, бұдан әрі де жалғасын таба бермек.

Комментарий