Жаңалықтар | Новости

«Тиіннің орнына бұқа». Алматыдағы «Атакентке» жаңа мүсін қойыла ма?

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы «Атакент» алдына алып бұқаның мүсіні қойылатыны туралы видео жарияланды. Бұған Желі қолданушылары наразылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Видео кадрларынан бұқаның мүсіні жүк көлігі үстінде тұрғанын көруге болады. Видеода көлік «Атакент» аркасының алдында тұр.

«Тиінның орнына басқа мүсінді әкелді. Әкімдік ақшаны қайда жұмсап жатыр? Бұқаның қола мүсініне, әрине. Бұған дейін тиінге, енді бұқаға жұмсап отыр. Бұған қанша миллион ақша кетті деп ойлайсыз? Міне орыны да дайын», — дейді видео авторы.

Желі қолданушылары видео авторын қолдаған және мүсінге қанша ақша жұмсалуы мүмкін екенін айтып болжам жасаған.

Алайда Алматы әкімдігі «Атакентке» бұқаның мүсіні орнатылмағанын айтты.

«Бәлкім, көлік бұрылуға тоқтаған шығар», — дейді әкімдік өкілі.

Сонымен қатар, «Атакент» әкімшілігі де аумақта жаңа мүсін орнатылмағанын айтты.

«Арка алдында бұқаның мүсіні жоқ. Бізде ондай ақпарат жоқ», — деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін «Атакентте» тиіннің инсталляциясы тұрған болатын. Оның құны — 23 миллион теңге екені белгілі болғаннан кейін мүсінге қатысты түрлі пікір айтылып, алматылықтар наразы болған еді.

Комментарий