Жаңалықтар | Новости

Аптап ыстық болады: Елімізде күн 42 градусқа дейін ысиды

Қазгидромет 29 маусым мен 1 шілдеде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер еліміздің кей аймақтарында күн 42 градусқа дейін ыситынын айтады.

«Қазақстанның көптеген өңірлерінде температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты. Тек республиканың батысында шілде айының басында найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бұл жылудың аздап әлсіреуіне ықпал етеді: түнде 17…22-ге дейін, күндіз 27…..35 градусқа дейін ысыиды. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15…22-ге, күндіз 30-38 градусқа дейін ыстық. Оңтүстік өңірлерде әлі де құрғақ және ыстық ауа райы түнде 20…25, күндіз 35….42 градусқа дейін ыстық болады», — делінген хабарламада.

Комментарий