Саясат | Политика

Зеленский Путинге кездесіп, Қырымның кімдікі екенін талқылауды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесі Владимир Путинге Минскіде кездесуді ұсынды. Ол бұл туралы Facebook парақшасындағы бейнеүндеуінде айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

“Ресей президенті Владимир Путинге айтқым келеді. Сөйлесу керек пе? Сөйлесейік. Қырымның кімдікі екенін, Донбасста кімнің жоқ екенін талқылайық”, – деді ол. Зеленский бұл кездесуді Беларусь президенті Александр Лукашенко қолдайтынына сенім білдірді.  Мемлекет басшысы дипломатиялық форматтан бас тартпайтынын айтты. “Біз сөйлесуді ұсынамыз, сөйлесу керек емес пе? Рас қой?”, – деді Зеленский.  Ол екі тарапты бітістіру үшін саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Франция президенті Эммануэль Макронды шақыруға болатынын айтты.

Комментарий